Вторник, 03 ноября 2020 14:16

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Қансонар» ҚБ  басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімовпен кездесті.

Министр өз сөзінде Министрлік ұлттық спортты қолдау жолында біраз бастаманы қолға алғанын атап айтты.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет екендігін айтты.

-Министрліктің басты бағыты бұқаралық спортты, соның ішінде ұлттық спортты дамыту. Бүгінгі күні, бұл бағытта арнайы Заң жобасы әзірленіп, Парламентте пысықталып жатыр. Заң жобасы аясында ұлттық спорт түрлерінің компоненттерін білім беру мекемелері, яғни «дене тәрбиесі» пәніне енгізу жоспарлануда. Ұлттық спорт түрлерін дамытудағы тағы да бір жоспарымыз, әрине, қазақи тазы мен төбетке спорттық мәртебе беру. Ерекше атап өтетінім, ит төбелесін Министрлік мүлдем қолдамайды. Қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Сіздердің ұйымдарыңыздан және басқа да мүдделі ұйымдардан белсенді сарапшылар енді. Мұның бәрі құжатпен ресімделіп, менің бұйрығыммен бекітілді. Сонымен қатар, жұмыс тобы нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі,"- деді министр.

0311202001

Өз кезінде Оралбай Әбдікәрімов тазы мен төбеттің популяциясын көбейту үшін жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі қажет екенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгінгі күні Министрлік тазы мен төбеттің санын арттыру, иттердің санағын дұрыс жүргізу, оны спорт түрі ретінде тану бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің

Баспасөз қызметі

Прочитано 1564 раз
Оцените материал
(0 голосов)

footerlogo

 

«Информационно-развлекательный интернет-ресурс об охоте, рыбалке и активном туризме». Наши контакты +77010317229 (Whatsapp), mail@qansonar.com.
© 2021 Сайт Кансонар. Все права защищены. Разработка - Веб студия "IT.KZ"

Яндекс.Метрика